Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Ауыр атлетикадан Қазақстан қүрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спортшы 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса 388 (174+214) келі көтерді.
Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или