Мбаппенің жарақатынан айығуына қанша уақыт керек екені белгілі болды

Мбаппенің жарақатынан айығуына қанша уақыт керек екені белгілі болды

«Реал Мадрид» шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақатына байланысты 10 күн алаңға шықпайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы «Аталантаға» қарсы матчта (3:2) сол аяғының жамбасын жарақаттап алды. Осыған байланысты ол Мбаппе 36-минутта ауыстырылды. Француз шабуылшысы 10-минутта гол соққан болатын. Сондай-ақ «Реал» сапында Винисиус Жуниор мен Джуд Беллингем голдың авторы атанған.

Журналист Аранха Родригестің ақпараты бойынша, Мбаппе «Райо Вальеканоға» қарсы ойынға қатыспайды.

Ал 18 желтоқсан күні өтетін Құрлықаралық кубоктың финалында да өнер көрсетпеуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или