Конференция лигасы: «Астана» - «Челси» матчының тікелей трансляциясы

12 желтоқсанда «Астана» мен «Челси» командалары арасында 2024/25 жылғы Конференция лигасы негізгі кезеңінің 5-тур матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч «Алматы» орталық стадионында өтеді.
Тікелей трансляция Қазақстан уақыты бойынша 20:30 да басталады. Оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Конференция лигасының төрт турынан кейін «Астана» төрт ұпай жинап, турнирлік кестеде 23-орында тұр.
Елордалық команда алғашқы турда «Бачка Тополаны» (1:0) жеңіп, сырт алаңда «Нью-Сейнтс» (0:2) және «Пафостан» (0:1) жеңілді.
Ал 4-турда Григорий Бабаян шәкірттері өз алаңында Португалияның «Виктория Гимарайнш» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или