Руслан Сахалбаев «Футболдағы ұзақ ғұмыр» номинациясын жеңіп алды
Qazaqstan Football League 2024 жылғы маусымының қорытындысы бойынша, Серік Нұрмағамбетұлы Жейлітбаев атындағы «Футболдағы ұзақ ғұмыр» номинация иегерін ұсынады, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл сыйлықты «Қайсар» клубының 40 жастағы жартылай қорғаушысы Руслан Сахалбаев жеңіп алды.
Руслан отандық клуб футболында ең жасы үлкен футболшы саналады. Ол осы жылы QFL Премьер-лигасында 5 матч және QFL Лига кубогында 3 ойын өткізді. Футболшы өз мансабында Республикамыздағы 11 клубтың («Қайрат», «Атырау», «Жетісу», «Мегаспорт», «Локомотив», «Ақтөбе», «Спартак Семей», «Астана-1964», «Оқжетпес», «Каспий», «Қайсар») намысын қорғаған.
Дереккөз: QFL.KZ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или