Қазақстандық қос жасөспірім теннисші Аустралия чемпионатында бақ сынайды
Қазақстандық қос жасөспірім теннисші Аустралия чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz
Жасөспірімдер арасында 18-25 қаңтар аралығында өтетін Аустралия ашық чемпионатында кімдердің бақ сынайтыны белгілі болды.
Елімізден аталмыш жарыстың негізгі бөлігіне жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 16-орында тұрған Амир Омарханов пен 73-сатыдағы Заңғар Нұрланұлы қатысады.
Бұл Заңғар Нұрланұлы үшін алғашқы «Үлкен дулыға» турнирі болмақ.
Ал Амир Омарханов өткен жылы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жетіп, ерекше серпіліс туғызған еді.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или