Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында үшінші рекордты жаңартты

Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында үшінші рекордты жаңартты

Қазақстандық спортшылар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан жүзуден әлем чемпионатында ел рекордтарын жаңартып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 11 желтоқсан күні, спортшыларымыз 4x50 метрлік аралас құрама эстафетасында жаңа жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова 1:42.20 уақытын көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер командасы 4x100 еркін стильдегі эстафетада орнатқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или