Испания футбол федерациясының тәртіптік комитеті «Барселона» бас бапкеріне жаза қолданды

Испания футбол федерациясының тәртіптік комитеті «Барселона» бас бапкеріне жаза қолданды

 Испания футбол федерациясының тәртіптік комитеті «Барселона» бас бапкері Ханс-Дитер Фликке «Бетиске» қарсы матчта көрсеткен мінез-құлқы үшін жаза қолданды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Неміс маманы төрешімен дауласқаны үшін қызыл қағаз алып, бүгін тәртіптік комитеттің шешімімен екі матчқа шеттетілді. «Барселонаның» бұл шешімге шағымдануына 10 күн бар.

Флик төреші Алехандро Руиспен Френки де Йонг Витор Рокеге қарсы тәртіп бұзып, «Барселона» қақпасына пенальти тағайындалғаннан соң дауласа бастаған. Арбитр есебінде Флик «техникалық аймақтан шығып, айқайлап, менің шешіміме қарсылық білдіргені» үшін алаңнан қуылғанын жазған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или