«Астана» - «Челси» матчы: Алматы полициясы ескерту жасады

«Астана» - «Челси» матчы: Алматы полициясы ескерту жасады

12 желтоқсанда Алматының Орталық стадионында өтетін «Астана» — «Челси» матчы қарсаңында қала полицейлері билеттерді сатуға қатысты алаяқтық әрекеттер болуы мүмкін екенін ескертт, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары бұл ойынға билеттерді стадион маңынан не онлайн сатушылардан емес, тек ресми сауда орындарынан алуға кеңес берді.

— Алаяқтардан қауіпсіздік мақсатында футбол матчына билеттерді тек ресми сауда орындарынан сатып алу керек екенін еске саламыз, — деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Айта кеткен жөн, ойын алдында Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Полиция күштері спорт нысанының өзінде де, оған шектес аумақтарда да тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или