Азия чемпионатының финалында 9 боксшының жетеуі өзбекстандықтармен алтынға таласады

Азия чемпионатының финалында 9 боксшының жетеуі өзбекстандықтармен алтынға таласады


Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан ерлер құрамасы финалдық жекпе-жектерін өткізеді.

Қазақстаннан 9 боксшы алтын үшін таласатын болса, соның жетеуі өзбекстандық спортшылармен жұдырықтасады. 

Дода Қазақстан уақытымен сағат 12.00-де басталады. 

Қазақстандықтар мына боксшылармен кездеседі:

48 кг. Санжар Тәшкенбай — Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан), 1-жұп;

54 кг. Махмұд Сабырхан — Шахзод Музаффаров (Өзбекстан), 3-жұп;

57 кг. Оразбек Асылқұлов — Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан), 4-жұп;

67 кг. Дулат Бекбауов — Мужибилло Турсунов (Өзбекстан), 7-жұп;

71 кг. Абылайхан Жүсіпов — Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан), 8-жұп;

75 кг. Диас Молжігітов — Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), 9-жұп;

86 кг. Бекзат Нұрдәулетов — Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан), 11-жұп;

92 кг. Сағындық Тоғамбай — Парвиз Каримов (Тәжікстан), 12-жұп; 

92+ кг. Айбек Оралбай — Абудурешити Ремула (Қытай), 13-жұп. 

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или