Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді

Қазақстан өкілі Алексей Чуркин ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Зілтемірші 81 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Чуркин барлығы 368 (164+204) келі көтерді. 

Ри Джонг Джонг (Солтүстік Корея) 371 (166+205) келіні бағындырып, топ жарды. 

355 (165+190) келі салмақ бағындырған өзбекстандық Мұхаммедқодір Төштемиров қола жүлде жеңіп алды.

Бұл салмақта қазақстандық Александр Уваров та өнер көрсетті. Ол бесінші орынды қанағат тұтты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или