Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші орын алды

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші орын алды

Қазақстан әйелдер құрамасы гандболдан Азия чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының үшінші орынға талас матчында Иранды 28:22 (10:13, 12:15) есебімен жеңді.

Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Жапонияға 23:30 есебімен есе жіберді. Финалда Қазақстанды жеңген Жапония мен Оңтүстік Корея күш сынасады.

Еске сала кетейік, гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2010 жылдары Азия чемпионы атағын жеңіп алса, 2021 жылы қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или