«Каспийдің» жаңа бас бапкері белгілі болды
Ринат Әлеуетов «Каспийдің» жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz
35 жастағы қазақстандық маман осы маусымда түркістандық «Тұран» командасын баптаған болатын. ҚПЛ турнирлік кестесінде «Тұран» командасы 24 ойында 20 ұпай жинап 12-ші орын алды, сондай-ақ Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.
Маңғыстаулық команда болса осы маусымда бірінші лигада өнер көрсетті. 28 ойында 58 ұпай жинап, қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Ринат Әлеуетов «Тұран», «Жеңіс», «Жетісу» және «Елімай» сынды командаларда қызмет атқарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или