Дулат Бекбауов тәжікстандық боксшыны жеңіп, финалға шықты

Дулат Бекбауов тәжікстандық боксшыны жеңіп, финалға шықты


Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Дулат Бекбауов жартылай финалда сүрінбеді.

Әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Д.Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Шукрат Саломатовтың мысын басты.

Үш раунд ширақ қимылдаған Дулат қарсыласының алдын орап кетіп отырды. Бірінші раундта 5:0, екінші және үшінші кезеңде 4:1 есебі тіркелгенімен, жекпе-жек қорытындысында төрешілер жеңісті түгелдей Дулатқа берді.

Осылайша, Дулат Бекбауов Қазақстан ерлер құрамасынан төртінші болып финалға шықты.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или