Михаил Шайдоров ISU Гран-При финалында 5-орын алды

Михаил Шайдоров ISU Гран-При финалында 5-орын алды


Мәнерлеп сырғанаудан Ұлттық құрама көшбасшысы Михаил Шайдоров Францияның Гренобль қаласында өтіп жатқан ISU Гран-При финалында 5-орыннан көрінді.

Отандасымыз бүгін еркін бағдарламада 162.49 балл жинады. Ал қос жаттығу нәтижесінде – 253.75 ұпай. Кеше ол қысқа бағдарламадан кейін 3-орынға жайғасқан.

Көш басындағы америкалық Илья Малинин (2024 жылғы әлем чемпионы, 2023 жылғы Гран-при жеңімпазы) өз орнын сақтап қалды. Күміс медаль жапониялық Юма Кагиямаға бұйырса, үздік үштікті тағы бір жапониялық Шун Сато түйіндеді.

Айта кетейік, Гран-при финалында жекелей сында барлығы маусымда көп ұпай жинаған үздік 6 ер бақ сынады.

Дереккөз: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или