Заңғар Нұрланұлы биылғы үшінші титулын жеңіп алды
Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы Латвияның Айзкраукле қаласында жасөспірімдер арасында өткен ITF J100 турнирінің чемпионы атанды.
Жасөспірімдер арасында әлемнің 77-ракеткасы, 16 жастағы теннисші финалда нидерландылық, рейтингіде 165-орында тұрған Хайде Шонмаркспен кездесті.
Заңғар қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Өткен жылы Заңғар осы жарыста финалға дейін жеткен еді.
Бұл - қазақстандық теннисшінің спорттық жолындағы ITF Juniors додаларындағы бесінші, биылғы үшінші титулы.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или