Гүлсая Ержан бокстан Азия чемпионатында өзбекстандық спортшыны жеңіп, финалға шықты
Бүгін, 2024 жылғы бокстан Азия чемпионаты аясында әйелдер арасында жартылай финалдық кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасынан соңғы болып Гүлсая Ержан өнер көрсетті. 81 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Сохиба Рузметовамен кездесті. Бұл жекпе-жек қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Гүлсая Ержан турнирдің алтын медалі үшін күресетін болады.
Айта кетейік, чемпионат Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатыр және 11 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или