Де Брюйне Мессидің командаласы болуы мүмкін
«Манчестер Сити» мен Бельгия құрамасының ойыншысы Кевин Де Брюйне Лионель Мессидің командаласы болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Джереми Кросстың ақпараты бойынша, бельгиялық футболшыға «Интер Майами» қызығушылық танытып отыр. Клуб басшылығы Де Брюйнені негізгі трансферлік мақсат ретінде таңдаған. Ойыншымен келіссөз қаңтар айында басталуы ықтимал.
Футболшыға «Барселона» да қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тараған еді.
Де Брюйне осы маусымда 11 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.
Transfermarkt футболшыны 45 миллион еуроға бағалап отыр. Осы жазда оның «Манчестер Ситимен» келісімшарты аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или