Бокстан АЧ: Қазақстан қоржынына екі қола жүлде түсті
Қазақстандық боксшылар Жазира Орақбаева мен Ұлжан Сәрсенбек Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сегізінші жарыс күнінде әйелдер арасында жартылай финалдық кездесулер өтіп жатыр.
52 келі салмақ дәрежесінде Жазира Орақбаева өзбекстандық Феруза Казаковамен қолғап түйістіріп, 0:5 есебімен қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде ол Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.
57 келіде өнер көрсеткен жастар арасындағы әлем чемпионы Ұлжан Сәрсенбек жергілікті спортшы Пунрави Руенроспен кездесті. Ол да 0:5 есебімен қарсыласына жол беріп, жүлделі үшінші орынды иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаева да Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған еді. Ол жартылай финалда Өзбекстан өкілі Феруза Казаковамен кездесіп, қарсыласына 1:4 есебімен жол берген.