Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға шықты

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жартылай финалға шықты

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, отандастарымыз Сингапур командасынан басым түскен. Қорытынды есеп – 39:7.

Осылайша, қазақстандықтар үш ойынның екеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін олар Қытай құрамасын қапы қалдырып, Оңтүстік Кореяға есе жіберген еді.

Қазақстан топтан екінші орынмен жартылай финалға шықты, ал бірінші орынмен Оңтүстік Корея шықты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 желтоқсан күні В тобында бірінші орын алған құрамамен күш сынасады.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или