«Фулхэм» — «Брайтон»: Кім жеңіске жетеді?
5 желтоқсанда Англия Премьер-лигасының 14-туры аясында «Фулхэм» мен «Брайтон» кездеседі.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оларды алу үшін сайтта немесе Tennisi.kz қосымшасына тіркелу керек. Тіркеу кезінде DOP24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз.
«Фулхэм» шабуылда өте жақсы өнер көрсетеді, бірақ тұрақты емес. Соңғы турда «Тоттенхэммен» 1:1 есебімен тең түскенімен, оған дейін «Вулверхэмптоннан» 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Марко Сильваның командасында құрам бойынша проблема бар: Тим Кэрни үш матчқа шеттетілді, Гаррисон Рид пен Йоаким Андерсен матчқа қатыса алмайды. Дегенмен «Фулхэм» өз алаңында жақсы ойнайды.
Ал «Брайтон» осы маусымда тұрақты көрсеткішімен таңғалдырып келеді. Жақында «Саутгемптонмен» тең ойынға (1:1) қарамастан, Фабиан Хюрцелер шәкірттері мықты көрінеді әрі Еурокубокқа жолдама алу үшін күресуді мақсат етіп отыр. «Брайтон» ойынды бақылап, қарсы шабуылға жақсы шығады, бұл олардың ең қауіпті тұсы.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициент беріп отыр: «Фулхэмнің» жеңісіне – 2.34, «Брайтонға» – 2.88. Ал матч тең аяқталады дегенге – 3.66 коэффициент.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.