Қайрат Нұрдәулетов Түркия чемпионатында жұмыс жасамақ
Қайрат Нұрдәулетов Станимир Стоиловтың бапкерлік штабына енеді, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық бапкер Қайрат Нұрдәулетов қазақ футболына есімі мәшһүр Станимир Стоиловтың бапкерлік штабына енбек. Болгар маманы бүгінде Түркияның Суперлигасында «Гезтепе» футбол клубын жаттықтырады.
Биыл ғана Түркияның Суперлигасына көтерілген измирлік команда Стоиловтың жетекшілігімен тәп-тәуір нәтиже көрсетіп, ішкі чемпионатты біраз шайқап жатыр. «Гезтепе» біріншілік барысында Жозе Моуриньо жаттықтыратын атақты «Фенербахчемен» тең түссе, «Бешикташ» пен «Трабзонспор» секілді мықтыларды жеңіп кетті.
Қазір Станимир Стоиловтың командасы турнирлік кестеде 6-орында келеді. Болгар маманымен жақсы таныс Қайрат Нұрдәулетов енді Стоиловтың бапкерлік құрамында болып, шет елде тәжірибе жинамақшы. Тіпті, ол қазақстандық бірнеше клубтан жақсы ұсыныс түскеніне қарамастан Түркияға бас бапкердің көмекшісі болуға шешім қабылдапты.