Волейболдан ел чемпионатында 2 команда көш бастап келеді

Волейболдан ел чемпионатында 2 команда көш бастап келеді

Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты екінші турының ойындары өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz

Осыған дейін көш бастап келе жатқан «Берел» (Өскемен) мен «Жетісу» (Талдықорған) кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Өскемендіктер «Қарағандыны» 3:0 (25:8, 25:21, 25:16) есебімен тізе бүктірсе, талдықорғандықтар «Ару-Астанадан» басым түсті – 3:0 (25:17, 25:21, 25:14). Олардың екеуінде де 22 ұпайдан бар.

Сондай-ақ «Қуаныш» (СҚО) «Алматыны» 3:0 (25:18, 25:20, 25:19) есебімен жеңіп, 18 ұпаймен үшінші орынға нық жайғасты.

Ел чемпионы «Тұран» (Түркістан) бес сетке созылған тартысты матчта «Ақтөбеге» есе жіберді – 2:3 (17:25, 25:16, 25:17, 18:25, 12:15).

Ұлттық лигаға биыл қосылған «Грация KZ» (Орал) Павлодардың «Ертісін» қапы қалдырды – 3:0 (25:23, 25:21, 25:15). Бұл – оралдықтардың екінші жеңісі.

Бейсенбі күні «Ару-Астана» - «Қуаныш», «Қарағанды» - «Тұран», «Ақтөбе» - «Ертіс», «Грация KZ» - «Жетісу», «Алматы» - «Берел» командалары өзара кездеседі.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или