Магомед Адиев тағы да Станислав Черчесовтың жұмысы жайлы айтты
Магомед Адиев Қазақстан құрамасының Станислав Черчесовтың кезіндегі нәтижелеріне тоқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Айта кетейік, Станислав Черчесов осы жазда Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Қазақстандық футболшылар ресейлік маманның жаттықтыруымен Ұлттар Лигасында В Лигасының үшінші тобында Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейін соңғы орын алды.
«Қазақстан құрамасының нәтижелері түсінікті, көпшіліктің көңілінен шықпайды. Шынымда айтсам, ұлттық команда жайлы ойламаймын. Иә, ойындарды тамашалаймын, алайда оларды бапкер ретінде бағалаған жоқпын. Команданың жаттықтырушысы бар, ұжымның әлеуеті оған жақсырақ таныс. Әрине, барлығы жақсы болар деген үміттеміз», - деді М. Адиев.
Ресейлік маман Қазақстаннан кеткен соң «Ахматты» тізгіндеді. Бірақ, сәтсіз сериядан кейін грозныйлық клубтағы қызметінен кетуге мәжбүр болған. Магомед Адиевтің бапкерлік мансабында қарағандының «Шахтері», ресейлік «Чайка», «Анжи» мен «Легион Динамо» секілді командалар болды.