Самат Смақов ҚПЛ клубының бас бапкері атанады

Самат Смақов ҚПЛ клубының бас бапкері атанады

Самат Смақов Талдықорғанның «Жетісу» клубының бас бапкері болады, деп хабарлайды Prosports.kz 

45 жастағы қазақстандық маман Самат Смақов Талдықорғанның «Жетісу» клубының бас бапкері болып тағайындалады. Бұл туралы KazFootball.kz  сайты жазды.

Белгілі болғандай, Самат Смақов кеше Талдықорғанға барып, Жетісу облысының әкімімен кездескен, сол жерде ол команданың бас бапкері ретінде бекітілген.

Бұған дейін Смақов «Астана» клубының техникалық директоры қызметін атқарды. Ал былтыр ол Семейдің «Елімай» клубын Премьер-лигаға шығарған.

Ойыншы ретінде ол «Елімай», «Ертіс», «Ростсельмаш» (Ресей), «Жеңіс», «Қайрат», «Ақтөбе», «Ризеспор» (Түркия) мен «Ордабасы» клубтарының намысын қорғаған. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында өткізген матчтар саны бойынша рекорд иесі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или