ГЛАВНАЯ
Командалық
Азия чемпионаты: гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші матчында жеңіліп қалды
Азия чемпионаты: гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші матчында жеңіліп қалды
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңі аясында екінші матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Ойын 30:20 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, алғашқы матчта қазақстандықтар Қытайды жеңген еді.
Қазақстан құрамасы А тобында өнер көрсетуде. Бұл топқа Қытай, Оңтүстік Корея және Сингапур командалары да кіреді. Плей-офф кезеңіне екі команда жолдама алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или