«Астана» Қазақстан құрамасы ойыншысымен қоштасты

«Астана» Қазақстан құрамасы ойыншысымен қоштасты

«Астана» футбол клубы 35 жастағы қазақстандық қорғаушы Тимур Досмағамбетовтың команда сапынан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандық қорғаушы Тимур Досмағамбетов «Астана» футбол клубынан кетіп жатыр.

Тимур 2022 жылдан бері астаналық клубтың намысын қорғап, команда жетістіктеріне үлкен үлес қосты. Ол Қазақстан чемпионатының «алтын» жүлдесін, Суперкубокты және Лига кубогын жеңіп алу жолында маңызды рөл атқарды.

Тимурдың «Қайрат» қақпасына жасаған покері клуб тарихында мәңгілікке сақталады. Біз Тимурға алдағы өмірінде сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или