Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бельгия чемпионатының орнына «Елімайға» ауысады

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Бельгия чемпионатының орнына «Елімайға» ауысады

«Атырау» мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов карьерасын семейлік «Елімайда» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін «Атырау» клубының директоры Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында 21 жастағы қорғаушыға Бельгия чемпионатының клубы қызығушылық танытып отырғанын айтқан еді.

Жұмаханов – атыраулық клубтың түлегі. Ол 2018 жылдан бері «Атырау» сапында ойнайды. 2022 жылы футболшы қызылордалық «Қайсар» командасында жалда өнер көрсеткен.

2024 жылы Қазақстан ұлттық құрамасында дебютін өткізіп, Ұлттар лигасы аясындағы Австрияға қарсы өткен матчта қосалқы құрамнан алаңға шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или