«Челси» «Астанаға» қарсы ойын алдында мәлімдеме жасады

«Челси» «Астанаға» қарсы ойын алдында мәлімдеме жасады


«Челси» бас бапкері Энцо Мареска команданың болашағы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жас ерекшеліктері мен құрамның қаншалықты мықты екенін ескере отырып, мен үшін «Челси» алдағы 5-10 жылда Англия футболында үстемдік құратын командалардың бірі болады. Бұл менің алғашқы кездесуімде «Челси» басшылығына айтқаным еді. Пікірімді өзгертпедім», — деп келтіреді Маресканың сөздерін Absolute Chelsea X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, 2024 жылы жазда Мареска «Челси» клубымен бес жылдық келісімшарт (бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен) жасасқан еді. Бұған дейін Энцо Мареска «Манчестер Ситиде»  Гвардиоланың көмекшілер штабында жұмыс істеп, 2023/2024 маусымда «Лестерді» жаттықтырып, команданы Премьер-лигаға шығарған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или