Абылайхан Жүсіпов бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бүгін, 4 желтоқсанда, Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының бесінші сайыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шығу үшін Абылайхан Жүсіпов түрікменстандық Байрамдурды Нурмұхаммедовпен жұдырықтасты. Жекпе-жекте қазақстандық боксшын төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешіммен жеңіске жетті - 5:0.
Айта кетейік, жартылай финалға шыққанының арқасында Жүсіпов кем дегенде қола медаль иеленеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или