Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті
Қазақстан құрамасының боксшысы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ширек финалда қазақстандық боксшы малайзиялық Ариф Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бекбауов жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта кездесу тоқтатылып, Дулат жартылай финалға өтті. Осылайша, ол Азия чемпионатының медалін иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или