Аида Әбікеева мен илана Сафронова бокстан Азия чемпионатының келесі айналымына өтті

Аида Әбікеева мен илана Сафронова бокстан Азия чемпионатының келесі айналымына өтті

Бокстан Қазақстан құрамасының атынан екі спортшы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық боксшы Дильфуза Бековамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Аида қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, келесі айналымға өтті.

Ал, тағы бір қазақстандық боксшы Милана Сафронова (66 келіге дейін) қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты, жартылай финалға тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, келесі жекпе-жек 7 желтоқсанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или