Ұлттық құраманың қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Бельгияға ауысуы мүмкін

Ұлттық құраманың қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Бельгияға ауысуы мүмкін

«Атыраудың» қазақстандық қорғаушысы Бельгия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Атыраудың» қорғаушысы Әділбек Жұмахановқа Бельгия чемпионатының командасынан ұсыныс түсті. Бізге келіп жеткен ақпаратқа сай, бельгиялықтар «мұнайшылармен» жақсы трансфер жасауға дайын көрінеді. 

Сондай-ақ, 2002-жылғы футболшыға ҚПЛ-дің алтылығындағы екі клубтың да қызығушылығы бар. Олар тіпті бельгиялық командадан да жоғары жалақыға шақырған деген ақпарат белгілі. Енді қазір Әділбек Жұмаханов осы екі нұсқаның бірін таңдау үстінде. 

Айта кетейік, қорғаушы биыл премьер-лигада «Атырау» сапында 18 ойынға қатысып, 2 рет мергендік танытқан. Клуб жейдесінде 2019-жылдан бері доп теуіп келеді. 

«Мұнайшыларға» дейін Жұмаханов «Қайсардың» қатарында ойнаған еді. Сондай-ақ, биыл жас қорғаушы Ұлттар Лигасының аясында Қазақстан құрамасында дебюттік кездесуін өткізді.

«Ордабасы» оқу-жаттығу жиынын қайда өткізетіні белгілі болды

Өзбекстандық футболшыға АПЛ-дің жеті клубы көз тікті

Дереккөз: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или