Махмұд Сабырхан қарсыласын бірінші раундта-ақ жеңді
Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында төртінші жарыс күні Қазақстаннан алғашқы болып шаршы алаңға Махмұд Сабырхан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz
Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта қытайлық Тайбэй өкілі Ян-Лин Лаймен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта-ақ қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға жібергеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.
Махмұд Сабырхан жартылай финалға шығу үшін шри-ланкалық Джаянат Кумармен таласады.
Бүгін сондай-ақ Аида Әбікеева мен Милана Сафронова алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или