Винисиус «Реалдан» кетуі мүмкін
«Реал Мадрид» шабуылшысы Винисиус Жуниор командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Championat.com-ға сілтеме жасап.
Marca басылымы хабарлағандай, Сауд Арабиясының «Аль-Ахли» клубы бразилиялық футболшыға қызығушылық танытып отыр. «Реал Мадрид» Винисиус үшін 1 миллиард еуро сұраған.
Винисиус осы маусымда 18 матчқа қатысып, 12 гол соқты және 8 нәтижелі пас берді. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жасалған. Transfermarkt порталы футболшының трансферлік құнын 200 миллион еуроға бағалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или