«Авангард» екі жаттықтырушымен келісімшартты бұзды
«Авангард» баспасөз қызметі екі жаттықтырушымен келісімшартты бұзғаны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Бас бапкердің міндетін атқарушы Сергей Звягин мен бапкер Антон Курьянов клубтан кетті.
«Авангард» тараптардың өзара келісімі бойынша келісімді бұзды.
«Клуб Сергей Евгеньевич пен Антон Алексеевичке еңбектері үшін алғысын білдіреді және болашақ мансабында сәттілік тілейді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін «Авангард» Ги Буше бас бапкер болып тағайындалғанын хабарлаған болатын. Канадалық бапкер клубқа келгенше Омбы командасының бас бапкері қызметін Андрей Подконицки атқарады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или