Криштиану Роналду жанкүйерден бір миллион еуро жеңіліп қалды

Криштиану Роналду жанкүйерден бір миллион еуро жеңіліп қалды

«Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының ойыншысы, шабуылшы Криштиану Роналду танымал блогер MrBeast (Джимми Дональдсон) YouTube-арнасындағы челленджге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Челлендж барысында Роналду мен кездейсоқ таңдалған жанкүйер қақпаға дәл соққы жасау бойынша жарысты. Жеңісті жанкүйер иеленіп, жүлде ретінде 1 миллион доллар алды.

Айта кетейік, 2023 жылы қаңтарда португалиялық футболшы «Әл-Наср» клубымен жылына 200 миллион доллар табыс әкелетін келісімшартқа қол қойған болатын. Қазіргі уақытта оның командасы Сауд Арабиясы чемпионатында үшінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или