Кевин Де Брюйне карьерасын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін
Кевин Де Брюйне «Манчестер Ситиден» кетпек. Футболшы карьерасын Ла Лигада жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бельгиялық супержұлдыздың келісімшарты аяқталуға жақын және ол команда өзгерткісі келіп отыр.
El Gol Digital мәліметінше, Де Брюйнеге Сауд Арабиясының клубтары қызығушылық танытып отыр, бірақ футболшы Еуропада қалғысы келеді. Бұл жағдайды «Барселона» пайдаланбақ. Каталониялық клуб 2025 жылдың жазында оған келісімшарт ұсынбақ. Де Брюйне де Ханс-Дитер Фликтің жетекшілігімен жұмыс істеп көргісі келеді.
Осы маусымда Кевин Де Брюйне 11 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшыны 45 миллион еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или