20 жастағы қазақстандық шахматшы үздіктер қатарынан көрінді
Шахматтан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) үш бірдей рейтингінде бірінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz
20 жастағы қазақстандық шахматшы 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлемнің үздігі атанды. Сонымен қатар осы жас санатында блиц және рапид бойынша рейтингіде көш бастады.
Айта кетейік, Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы жалпы рейтингінде 13-орында тұр. Бұдан бөлек рапид (9-орын) пен блицтен (7-орын) топ-10-ға кірді. Асаубаева 2019 жылы әйелдер арасында гроссмейстер атанса, 2021 және 2022 жылдары блицтен әлем чемпионы атанған.
Қазақстандық спортшы жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды
Жастар арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстанда өтпейтін болды