Ұлжан Сәрсенбек 1/4 финалға жолдама алды
Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) Чиангмай (Таиланд) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін украиналық Карина Вовкіге қарсы өткізді. Нәтижесінде төрешілердің шешімімен бұрымды боксшымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ұлжан келесі жекпе-жегін 5 желтоқсан күні өткізеді. Қарсыласы Вьетнам өкілі Нгуен Хуен Чан болады.
Айта кетейік, бүгін екі боксшымыз шаршы алаңға шығу керек болған. Оның бірі Ұлжан Сәрсенбек болса, екіншісі Алуа Балқыбекова. 50 келі салмақта сынға түсу керек болған Алуа Балқыбекова денсаулығына байланысты жарыстан шығып қалды.
Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионаты 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или