Алуа Балқыбекова Азия чемпионатынан бас тартты

Алуа Балқыбекова Азия чемпионатынан бас тартты

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Чианг Майда (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өзін жайсыз сезінуіне байланысты байланысты Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова (50 келі) Азия чемпионатынан бас тартуға мәжбүр болды.

Жедел гастроэнтериттің орташа ауырлықтағы ішек синдромына байланысты спортшыны жарыстан шеттету туралы шешім қабылданды», - делінген дәрігердің қорытындысында.

Нәтижесінде бүгін 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалдың оныншы жұбында Қазақстаннан тек Ұлжан Сәрсенбек шығады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или