Ига Швентек триметазидинге тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті

Ига Швентек триметазидинге тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсетті

«Үлкен дулыға» турнирлерінің бес дүркін чемпионы Ига Швентек допингке қарсы бағдарлама аясында теннистен бір айға шеттілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ITIA ресми пресс-релизінде Швентектің триметазидинге (TMZ) сынамасы оң нәтиже көрсеткені айтылды. Тергеу барысында бұл заттың көзі спортшы ұйқы проблемаларына байланысты қабылдаған мелатонин препаратының ластануы болғаны анықталды. Нәтижесінде, шеттету тек бір айға созылды — 2024 жылдың 12 қыркүйегінен бастап, осы себепті Швентек үш турнирді жіберіп алды.

Сонымен қатар, Швентек сынама алынғаннан кейін бірден өткен Цинциннатидегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінде өнер көрсеткені үшін ақшалай сыйлығынан айырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или