Михаил Шайдоров Гран-Придің финалына шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды

Михаил Шайдоров Гран-Придің финалына шыққан тұңғыш қазақстандық спортшы атанды


Мәнерлеп сырғанаудан 2024-2025 жылғы маусымдағы Гран-Придің финалына Ұлттық құрама спортшысы Михаил Шайдоровтың қатысатыны ресми белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қорытынды турнир 6-8 желтоқсан аралығында Францияның Гренобль қаласында өтеді. Әуелде Халықаралық конькишілер одағы (ISU) жариялаған үздік 6 сплртшының тізімінде Шайдоров болмаған. Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2024), 2 дүркін Еуропа чемпионы Адам Сяо Хим Фа тобығын ауыртып алып, өз жанкүйерлерінің көз алдында өнер көрсете алмайтын болған соң оның орнын Михаил басты. Қазақстандық Қытайдағы Гран-приде күміс жүлде жеңіп алғаннан кейін қосалқы құрамдағы үміткерлер арасында 1-сатыға көтерілген (маусымда 22 ұпаймен).

Греноблде сынға түсетін ерлер:

- Илья Малинин (АҚШ, 2024 жылғы әлем чемпионы, 2023 жылғы Гран-при жеңімпазы);

- Юма Кагияма (Жапония, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының 3 дүркін күміс жүлдегері);

- Шун Сато (Жапония, 4 құрлық чемпионатының жүлдегері);

- Кевин Аймоз (Франция, 2023 жылғы Гран-придің финалисі);

- Даниэль Грассл (Италия, 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері);

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или