Жан Әли Пайруз: «Доширак» жеп жаттығуға баратынмын

Жан Әли Пайруз: «Доширак» жеп жаттығуға баратынмын

Қазақстан құрамасы мен «Елімай» клубының ойыншысы Жан Әли Пайруз ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында мансабындағы қиын кезең туралы айтып берді.

- Белгілі бір себептерге байланысты 15-16 жасымда Астанаға көштім. Дайындық тобында ойнасам да дубльмен бірге жаттығып жүрмін. Өте ауыр кезең болды. Жалғыз тұрдым. Қарағанды алыс емес, ата-анам келіп тұратын. Бірақ сонда да қиын болды. Жөні дұрыс досым болмады.

«Доширак» жеп жаттығуға баратынмын. Ал жаттығудан тіке үйге өтетінмін. Қарағандыдан болғандықтан команда да дұрыс қабылдамады. Десе де бапкерім Константин Котовқа алғысымды айтқым келеді. Маған сенім артты. Бір жыл «Астанада» ойнаған соң Қарағандыға қайтуды шештім. Дубльмен жаттығып, өзімді жақсы жағымнан көрсеткеннен кейін келісімшартқа отырдық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или