Игита: Мен жігіттерді мақтан тұтамын, өйткені олар алаңда барын салды

Игита: Мен жігіттерді мақтан тұтамын, өйткені олар алаңда барын салды

Футзалдан Қазақстан құрамасының және "Семей" клубының қақпашысы Лео Игита командасының УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы ойыны туралы пікір білдірді.

- Өте қиын. Біз бұдан өзгені күткен де жоқпыз. Өз алаңымызда Еуропаның екі дүркін чемпионына қарсы ойнадық. Біз жақсы ойын көрсеттік, бірақ жеңіліп қалдық. Жоспарымыз да, стратегиямыз да болды, оның бәрін алаңда қалдырдық. Өкінішті, бірақ бұл жеңілісті ұмытып, әрі қарай жұмыс істеуіміз керек. Тек еңбекпен ғана қалағанамызға қол жеткізе аламыз деп сенемін. Гол соққан кездегі сезім керемет болды, мен қатты қуандым, бірақ бұл голды жеңіске айырбастағым келді.

Мен жігіттерді мақтан тұтамын, өйткені олар алаңда барын салды. Көптеген мүмкіндік болды және біз оларды пайдалана алмадық. Сәттілік қарсыластың жағында болды. Біз "Семей" дұрыс жолда келе жатқанын және футзалдың жоғары деңгейін көрсеттік. Мен бұл матч үшін ұялмаймын. Әлі-ақ үлкен жетістікке жетеміз, - деді Игита.

Дереккөз: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или