Данил Устименко «Қайраттан» кетті

Данил Устименко «Қайраттан» кетті

Алматылық «Қайрат» 24 жастағы қазақстандық қақпашы Данил Устименконың кеткенін хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Қайрат» футбол клубы 24 жастағы қазақстандық қақпашы Данил Устименконың кеткенін хабарлайды.

Данил жас кезінен клубтық жүйенің барлық деңгейінен өтіп, кейін негізгі құрамға сіңісіп кеткен «Қайрат» академиясының түлегі. Оның «Қайрат» сапындағы дебюті 2020 жылы Премьер-Лиганың үшінші турындағы «Жетісуға» қарсы матчта өтті, онда ол алғаш рет қақпасын таза ұстады. «Сары-қаралардағы» мансабында Устименко 74 кездесу өткізіп, оның 26-сы нөлмен аяқталды. Данил «Қайрат» сапында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанған санаулы ойыншылардың бірі. Сонымен қатар, 2021 жылы Қазақстан кубогын жеңіп алды.

Сондай-ақ, Данилдің Қазақстан құрамасына бірнеше рет шақырылғанын және осы жылдың маусым айында Ұлттық құрама сапында Әзербайжанға қарсы ойында дебют жасағанын айта кеткен жөн. «Қайрат» футбол клубы Данилге қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді және оның мансабында табыс тілейді!» деп жазады алматылықтар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или