Қоңқабаевтың қарсыласы келесі жекпе-жегін Канадада өткізеді

Қоңқабаевтың қарсыласы келесі жекпе-жегін Канадада өткізеді

Екі дүркін Олимпиада чемпионы ауыр салмақтағы өзбек нокаутшысы Баходир Джалолов (14-0, 14 КО) 6 ақпанда Канадада шаршы алаңға оралады, ол Парижде екінші Олимпиада алтынын жеңіп алғаннан бері алғаш рет өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Жалоловтың қарсыласы франциялық Давид Спилмонт (16-8-1, 11 КО) болады.

«Мен кәсіби мансабымның келесі тарауына өте қуаныштымын. Енді мен 2024 жылғы Олимпиадада ел намысын қорғағандықтан, 2025 жылы ауыр салмақта чемпион болу жолымды жалғастыруды жоспарлап отырмын. Ал мен үшін бұл жол 6 ақпанда Монреальда қайта жалғасады», - деп келтіреді Boxing Scene Джалоловтың сөзін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или