«Витория» футбол клубының бапкері «Астана» командасына қарсы сұрақтарға жауап берді

«Витория» футбол клубының бапкері «Астана» командасына қарсы сұрақтарға жауап берді

Португалиялық «Витория» (Гимараеш) командасының бас бапкері Руи Борхес Конференция лигасының жалпы кезеңінің төртінші туры аясында «Астанаға» қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап 

«Ұйқы мен тамақтың дұрыс болуы — футболшылар үшін өте маңызды. Сосын бұл жақтың жергілікті уақыты мен климатына бейімделуіміз керек. Оның үстіне Алматыда қыс қатты суық емес екен. Бұл ретте айта кетейін, біз — үлкен клубтардың біріміз. Сондықтан ертеңге ойында жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз», - деді жаттықтырушы. 

Сонымен қатар бас бапкер Қазақстанда ішкі біріншіліктің аяқталғанын, елордалық клубтың бар күшті Конференция лигасына жұмсайтынын атап өтті. 

«Астана» — қиын қарсылас. Онымен қоса Қазақстанда ішкі чемпионат әлдеқашан аяқталды. Олар енді Конференция лигасында көп ұпай алуды көздейді. Өйткені қазақстындық клубқа плей-офф кезеңіне шығуға әлі де мүмкіндік бар», - деді Руи Борхес. 

Айта кетейік, «Астана» мен португалиялық «Витория» арасындағы ойын 28 қараша күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Адиев пен Черчесовтың айырмашылығы айтылды

Шымкенттік клуб академия жастарына сенім артпақ

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или