Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды

Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалына шыққан тұңғыш қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жеңіп алды. Бұл оған финалдың резервтік тізімін бастауға мүмкіндік берді.

Ал бүгін, 27 қарашада француз мәнерлеп сырғанаушы Адам Сяо Хим Фа соңғы жарыста тобығынан жарақат алып, Гран-при финалынан шығып қалғаны белгілі болды. Осыған орай, Михаил Шайдоров резервтік тізімнің көшбасшысы ретінде финалға қатысуға шақырту алды.

«Сене алар емеспін. Тіпті ойымды жинақтай алмай тұрмын. Мен Гран-при финалында өнер көрсеткен бірінші қазақстандық спортшы боламын. Бұл сондай керемет!», - деді Шайдоров.

Гран-при финалы 5-8 желтоқсан аралығында Францияда өтеді. Мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы Гран-при финалында қазақстандық спортшыдан бөлек Илья Малинин (АҚШ), Юма Кагияма,  Сюн Сато (екеуі де Жапония), Кевин Аймо (Франция) және Даниэл Грассль (Италия) өнер көрсетеді.

«Барыс» хоккей клубы қонақта жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или