«Бавария» «Барселонаның» рекордын жаңартуы мүмкін

«Бавария» «Барселонаның» рекордын жаңартуы мүмкін

Мюнхендік «Бавария» рекорд жаңартуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында «Бавария» өз алаңында «Пари Сен-Жермен» командасынан басым түсті. Соның арқасында мюнхендік команда турнирдің топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтардағы ең ұзақ жеңіліссіз сериясы бойынша «Барселона» рекордын қайталады.

Қазіргі уақытта «Бавария» қатарынан 33 матчта жеңілмей келеді (31 жеңіс, екі тең ойын), және қаңтардың соңында каталондықтардың 2009 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңдегі рекордын жаңарта алады. Ол үшін олар «Слованды» жеңуі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или