Мұхамеджан Сейсен шетелдік клубқа ауысуы мүмкін

Мұхамеджан Сейсен шетелдік клубқа ауысуы мүмкін

«Астана» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен Legalbet.kz тілшісіне жақын арада шетелдік клубтың ойыншысы атануы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Иә, келісім-шарт аяқталады. Әзірге ұсыныстар жайлы ойланып жүрмін. УЕФА Конференция лигасында Кипрде «Пафоспен» өткен ойыннан кейін маған шетелдік клубтар қызығушылық танытып жатқаны рас па? Иә, бұл рас. Нақты қайсысы? Мен қазір нақты айта алмаймын. Егер бәрі ойдағыдай болып, агенттерім жұмыс істеп жатса, жақын арада жаңалық шығады», - деді қазақстандық қақпашы.

Тараз футболының түлегі 25 жастағы Сейсен «Астанаға» 2024 жылдың ақпан айында Ордабасыдан ауысты.  Transfermarkt Сейсенді 200 мың еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или